“Әлемдегі жазықсыз жандарға қиянат еткен адамдарды Құдай неге жойып жібермейді? Немесе кенеттен бұндай адамдарға «бәле» жібермейді?” деген ойлар иманды, тәрбиелі, ұлтшыл, мәдениетті т.б адамдарды бұндай ойлар мазалайтыны баршаға мәлім. Бұл туралы мұсылмандардың түсінігінде нендей пікірлер барын бөлісуді жөн деп білдім. Сонымен қатар Қасиетті Құран Кәрімде біздің дәуірімізге дейін жер бетіндегі кейбір тайпалар туралы айтылған қиссалардан жойылып кеткен немесе Құдайдың қаһарына ұшыраған қауымды естігенімізде, бүгінгі кейбір қоғамда болып жатқан олқылықтарды көргенде ара-тұра : «неге қазір дәл солай болып жатқан жоқ?» деп ойлаймыз. Жазықсыз жандардың жанына қастық жасаған адамдар өмір сүруге қаншалықты лайық деген сауалдар баршамызды мазалауы қалыпты жағдай.
Осындай және осыған ұқсас сұраққа дұрыс жауап беру үшін алдымен мына нәрсені жақсы түсіну керек: Құран Кәрімде жойылды деген қоғамдардың ешбірі қиянат немесе зұлымдық жасағанда, Алланы тәрк еткен сол сәтте жойылған жоқ. Сонымен қоса алғанда, Құран Кәрімде көмек көрсетілген пайғамбарлар мен адамдардың ешқайсысына сол мезетте көмек көрсетілмеген. Мысалы:
Нұх пайғамбардың пайғамбарлығы 950 жыл халқын иманға шақырды. Осы уақыт ішінде қауымын тура жолға түсер деген үмітпен барлық тәсілді қолданды. Алла оған: «Ей, Нұх! Бұдан былай оның қауымынан осы уақытқа дейін иман келтіргендерден басқа ешкім иман келтірмейді», – делінгенде, Алла залымдарды жер бетінен жойып оған жәрдем берді.
Ал, Ибраһим пайғамбар халқын жылдар бойы Алланың барлығы мен бірлігіне шақырды, бірақ оның халқы, әсіресе әкесі оның бұл ісіне қарсы болды. Әкесінің пұттарын сындырғанда, баласын отқа тастап өлтіргісі келді. Өзіне сенген санаулы адамдармен тайпасынан ұзаққа көшіп кетті. Осылайша Ибраһим пайғамбар, туған жерімен, отбасымен, туған жерімен қоштасты. Арадан жылдар өткенде әйелі Ажар мен ұлы Ысмайылды алыс елдерге қалдырып, тағыда елінен ұзаққа қоныс аударды.
Мұса пайғамбар кезінде исраилдіктер Мысырда жылдар бойы қиянат пен азапқа ұшырады. Мұса пайғамбар сәби болып туылып, ержетіп есейген соң басынан түрлі оқиғалар өтті. Мысырдан Мединаға қашып, онда жылдар бойы тұрып, Мысырға оралғанда пайғамбарлық мәртебе жіберілді. Осы жерде перғауынмен күресі осыдан кейін басталып, бүкіл осы процестің соңында исраилдіктер құтқарылып, перғауынның қауімі суға батырылып жойылды.
Жүсіп пайғамбар кішкентай кезінде ағалары оны құдыққа лақтырады. Әкесінен, бауырларынан жылдар бойы жырақта өмір сүрді, басынан түрлі қиын оқиғалар өтті, бірақ ақыры Алла тағала оны отбасымен қайта қауыштырды.
Айюб пайғамбарды ұзақ жылдарға созылған аурумен сыналды. Ауыртпалық пен қиыншылықтардан кейін оған ұзақ жылдар берекетті ғұмыр нәсіп етті.
Мұхаммед пайғамбар, пайғамбар болғанға дейін жылдар бойы жетім және жоқшылықта өсті. Хатижа анамызға үйленгеннен кейін ғана материалдық жағынан жақсарды, алайда пайғамбарлық жылдарында азапты өмір қайтадан басталды. Пайғамбарымыз Мұхаммед және иман еткен мұсылмандар Меккеде он үш жыл бойы қиянатқа ұшырады, келемеждеу, қорлау, азаптау сияқты түрлі қатыгездіктерге ұшырады. Миғраждан кейін де дін дұшпандары бұл зұлымдықтары жалғасты. Осыдан соң Мұсылмандар Меккеден Мәдинаға қоныс аударып бұндай қиындықтан құтылды.
Мұхаммед пайғамбарымыздың жұбайы және мүміндердің анасы Айша анамызды зина жасады деп айыптады. Осы оқиғадан кейін Мәдина қаласы бір ай бойы дүрбелеңге түсіп, екіжүзділер жала жабуды одан сайын қыздыра түсті. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің әулетінің тыныштығы бұзылып, Айша анамыздың жылаудан көзіне жас қалмады. Бұл оқиғаға қатысты алғашқы сәттен-ақ Айшаның кінәсіздігін білдіретін аят түссе де болар еді, бірақ олай етпеді. Тура бір айдан кейін ол туралы Жәбірейіл періште арқылы уахи жіберілді. Осы және осыған ұқсас қиындықтарды көбейтуге болады.
Осы және осыған ұқсас барлық оқиғалардың барлығында Алланың кейбір өзгермейтін мынадай заңдылықтарын көреміз:
- Алла жолында болғандар әрқашан кейбір қиындықтарға ұшыраған. Бірде өмірінен, кейбірде туыстарынан айырылуымен, бірде денсаулығымен сыналады.
- Кез келген залымның езгісі мәңгілік болған емес, бір күні зұлымдық бітеді, залымдар жойылады. Расында Раббымыз былай деген: «Ай: Жер-жерді аралап, қылмыскерлердің ақыры не болғанын көріңдер!» (нәміл сүресі 69)
- Осы оқиғалардың барлығы болып жатқанда тек қана жәбірлеушілер мен жәбірленушілер ғана емес, олардың жанында тұрғандар немесе үнсіздігін сақтағандар да сынақтан өтуде.
Қорытындылайтын болсақ, Уа Раббымыз! Қуғын-сүргіннің, қиянат пен сатқындықтың, арандатушылық пен зұлымдық мәңгілік болмайтынын, оның бір күні бітетінін білеміз. Отандас, жерлес және туыстас бауырларымыздың басына түскен кез келген қиындықтары мен ауыртпашылығын, сырқауы мен қараңғылығының тезірек біткенін көрейік. Уа Раббым! Бізді залымдардан және екі жүзділерден, бүлікшілердің арбауынан, надан молдалардан, білімсіз дәрігерден, тәубесіз басшыдан және арт ниетті жандардан сақта.
PhD, Исатай Бердалиев