Бүгін мейрамханада жасы келген жұпқа қызмет көрсеттім. Екеуі бір-біріне керемет ғашық көздермен қарап отырды. Оларды терең махаббат байланыстыратыны бірден көзге ұрып тұр.
Күйеуі бүгін екеуінің қосылған мерейтойларын тойлауға келгендерін айтты. Мен тек тұрмай «Сіздерге қарап өмір бақи бірге болған шығар деген ой келеді» дедім.
Екеуі күлді. Әйелі маған қарап:
«Жоқ, айналайын, біз қосылғалы бес жыл өтті. Екеуіміз де бірінші жарларымызды жер қойнына берген соң барып табыстық. Алла бізге тағы да сүю мен сүйікті болуға мүмкіндік беріпті» деді.