Cұрақ: Алла Елшісінің (с.ғ.с) денсаулыққа қатысты қандай хадистері бар?
Жауап: Алла Елшісі (с.ғ.с) адам денсаулығын қорғауға қатысты көптеген өсиеттер айтқан. Әз пайғамбардың (с.ғ.с) денсаулыққа қатысты хадис-шарифтерінің бір бөлігі адамның физикалық болмысын қуаттандыруға қатысты айтылса, келесі бір бір бөлігі белгілі-бір дерттерден нақты қалай емделу керектігі турасында айтылған. Оның кейбірін атап өтер болсақ:
«Кімде-кім арнайы білімі болмастан, емшілік жасаса, келген зиянды өтейді» (Әбу Дәуіт, Дийат: 23, Ибн Мәжа, Тиб: 16).
«Сад ибн Уаққас сырқаттанып қалады. Әзіреті Пайғамбар (с.ғ.с) аман-саулығын білуге барады. Садтың ауырып жатқанын көріп: «Харис ибн Кәлдәні шақырыңыздар. Ол жақсы емші. Сізге ем-дом жасасын» (Әбу Дәуіт, Тиб, 12).
«Тауқыметті де оның шешімін де берген Алла әр дерттің де емін жаратқан. Осы себептен де ем-дом жасаңыз. Бірақ, харам нәрсемен емдемеңіз» (Әбу Дәуіт, Тиб, 11).
«Алла ішімдік секілді нәрселермен шипа бермейді» (Бұқари, Әшрибә, 15).
«Екі нығмет бар. Адамдардың көпшілігі оның қадірін біле бермейді: денсаулық және бос уақыт» (Бұқари, Рикак, 1. Тирмизи, Зухд, 1).
«Науқасқа үш күн өтпейінше жақындамаңыз» (Рәмиз’әл-әхадис, 2/489).
«Бір жерде обаның бар екенін есітсеңіз, ол жерге жуымаңыз. Отырған жеріңізден оба шықса, ол жерден шығып, басқа жерге барушы болмаңыз» (Бұқари, Тиб, 30; Муслим, Сәлам, 92).
«Алапестен арыстаннан қашқан секілді қашыңыз» (Бұқари, Мәрда, 19).
«Алапеспен найза бойы арақашықтықта тұрып сөйлесіңіз» (Рәмиз’әл-әхадис, 2/ 471).
«Егер ит ыдыс-аяқты тілімен жаласа, оны жеті рет жуып-шайыңыз. Жетеудің бірін топырақпен тазалаңыз» (Дәуіт, Таһарат, 37).
«Сіздерге не болған, тістеріңіз сарғайған күйі маған келесіздер. Мисуак қолданыңыздар» (Ханбал, Муснад, 1/214).
«Мисуак туралы айтқанымды сіздерге көп мәрте қайталадым» (Нәсайи, Таһарат, 5; Бұқари, Жұма, 8).
«Алла тап-таза. Тазалықты сүйеді. Жан-жағыңызды таза ұстаңыз» (Тирмизи, Әдеп, 41).
«Тазалық – иманның жартысы» (Муслим, Таһарат, 1).
«Әр мұсылманның жеті күнде бір рет жуынуы – Алланың ақысы» (Муслим, Жума, 9).
«Ішіп-жейтін азықтарыңыз сақталынған дорбаларыңыздың аузын ашып қоймаңыздар» (Тирмизи, Әшриба, 96).
«Ішімдікте шипа болмайды» (Дарими, Әшрибә, 6).
«Ішімдіктен сақ болыңыз. Ол әр жамандықтың кілті» (Бәйхақи, Шиабул-Иман).
«Ауыз бекітіңіз, емделесіз» (Фәйзул Кадир, 4/212).
«Саяхаттаңыз, ем-дом табасыз» (Табарани).
«Бес нәрсе табиғи саналады: мұртты қию, жүнді қыру, қолтықты тазалау, тырнақ алу және сүндеттелу» (Бұқари, Либас, 63).
«Сүрмені (исмид) пайдаланыңыз. Ол көзді ашады және кірпікті қуаттандырады» (Тирмизи, Либас, 23).
«Қара зере өлімнен басқаның бәріне ем» (Бұқари, Тиб, 7).
«Үш нәрседе шипа бар: Бал шәрбетін ішу, хижама жасау, таңба жасату» (таңба жасатуға кейін тыйым салынды) (Бұқари, Тиб, 3).
«Уд-у хинд өсімдігін пайдаланыңыз. Оның жеті түрлі шипасы бар. Құрысу (cудорога) ауруы үшін тамаққа тамызыңыз. Өкпе ауруы үшін ішіңіз» (Бұқари, Тиб,10).
Мұхан ИСАХАН