Актриса әрі әнші Анар Батырхан ерекше құбылысты бастан өткерді. Әнші Алла деген жазуы бар құймақ пісірді. Мұны көшілікке көрсетіп, жақсылыққа жорыды.
Анар Батырхан Алла деген жазуы бар құймақ пісірді. Құймақ бетінен араб тілінде жазылған Алла сөзін оқуға болады. Мұны желідегі оқырмандарына айтып, өзі де таңғалды.
“Достар бүгін үйдегілермен құймақ жасап жатқан кезде, осындай жазу түсті. МашАллах. Арабша білетін жандар ма? Қандай сөз деп ойлайсыздар?”, – деп жазды ол.
Желідегі оқырмандары таңданысын білдіріп жатыр.
“Алла сенімен әрқашан да бірге”, “Өзіңе бір белгі”, “Шынында да кездейсоқ осылай түсті ме?”, “Қолдан жазып қойған секілді екен”, “Менің құймағымнан да осындай жазу шыққан”, “Бұл жақсылықтың нышаны”, “Бәрі жақсы болады, Алла қаласа”, “Бұл бір ерекше сәт, мұндай әркімге бір түсе бермейді”, “Бұл Алла деген жазуға ұқсап тұр”– деп жазды олар.