Рабиға Адауия бұны естігенде: «Алдымен өзің Аллаға разы болмай тұрып, Алланың өзіңе разы болуын сұраудан ұялсаң етті?!» деді.
Сәури ойланып тұрып: «Астағфыраллаһ!» деді.
Бұған куә болған Басралық тақуа кісілердің бірі Жағфар ибн Сүлеймен әд-Даби: «Құлдың Аллаға разы екендігін қалай байқаймыз?» деп сұрады.
Сонда рухани тереңдігімен танылған Рабиға Адауия: «Қуанышқа қуанғанындай қайғыға тап келгенінде де қуана білсе, сол кезде құлдың Аллаға разы екендігі танылады» деп жауап қатты.
Қ.Сабыржанұлы