Премьер-Министр Әлихан Смайылов ұлттық экономика, энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, әділет министрліктерінің ұжымдарына жаңа басшыларын таныстырды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровты таныстырған премьер-министр: «Министрлікке азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, ұлтаралық қатынастарды нығайту бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Қазір бұл бұрын-соңды болмаған маңызға ие. Діни және конфессияаралық келісім мәселелері жөніндегі жұмысты күшейту қажет. Жастарымыздың деструктивті ағымдарға тартылмауы маңызды», — деді.
Ә. Смайылов жастар саясатына, отбасы және ақпараттық саясатқа баса назар аудару қажеттігін атап өтті.