Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен әлемдік мәдениетаралық форумға қатысты.
«Бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздік үшін диалог: ынтымақтастық және өзара іс-қимыл» тақырыбында өткен VI әлемдік мәдениетаралық форумды Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ашып, шетелден келген дін қайраткерлері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғысын білдірді.
Қайнар көзі:
muftyat.kz