Түркияның Қарабюк провинциясының тұрғыны Румейси Гельги қазіргі таңдағы ең ұзын әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.
“Мен өзімнің синдромым және соның салдарынан бойымның шамадан тыс өсуі арқасында екі рет әлем рекордсмені атандым”, – дейді Гельги.
24 жастағы түрік қызының айтуынша, бұған дейін ол әлемдегі 18 жасқа дейінгі қыздар арасында ең ұзын қыз атағын жеңіп алған.
Оның сөзінше, бүгінгі таңда әлемдегі ең ұзын еркек пен ең ұзын әйел Түркияда тұрады.
“Бұл екі титулдың Түркияға тиесілі болуы ерекше жағдай. Жалпы адамдар өзінің басқалардан ерекшелігін ұят санамауы керек. Ол сіз ойлағандай жаман нәрсе емес. Бұл күтпеген жетістіктерге де әкелуі мүмкін. Сіз кемшілік деп санаған өзгешелігіңізді артықшылыққа айналдыра аласыз”, – дейді Гельги.