Соғыстан, зорлық-зомбылықтан, қуғын-сүргін мен адам құқының тапталуы салдарынан баспанасын тастап, босып кетуге мәжбүр болған адамдар саны соңғы 10 жылда рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.
Қазіргі күні әлем бойынша 82,4 миллион адам – босқын. Бұл туралы БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының “2020 жылғы ғаламдық тенденциялар” атты баяндамасында айтылды.
Пандемия жағдайы көші-қон ағындарын азайтып, баспана сұраушылар қатарын қысқартқанына қарамастан, соңғы 10 жылда басқа елге көшуге мәжбүр болғандар саны екі есеге артқан.
Қазіргі таңда өз аумағында 3,7 миллион босқын бар Түркия бұл көрсеткіш бойынша әлемде көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда: Колумбия – 1,7 млн, Пәкістан мен Уганда – 1,4 млн және Германия – 1,2 млн.