Жуырда Қазақстан делегациясы Ауғанстанға іссапармен барды. Кабул қаласында өткен екі тараптың кездесуі барысында гуманитарлық және азық-түлік дағдарысын еңсеруде Қазақстан мен БҰҰ-ның өзара ынтымақтастығын кеңейту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Ауғанстан билігі өз студенттері үшін Қазақстанда білім беру бағдарламаларын жалғастыруға қызығушылық танытатындарын білдірді.