25 жастағы Сарасадат Хадемальшарьех биыл 25-30 желтоқсанда Алматыда өткен ФИДЕ блиц-шахматтан әлем чемпионатына қатысқаннан кейін Испанияға көшуге мәжбүр.
Ол 2012 жылдан бері әлемдегі ең перспективалы ирандық шахматшылардың бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі EL PAÍS-ге сілтеме жасап.
Спортшы хиджаб деп аталатын дәстүрлі орамалсыз ойнаған. Мұсылман орамалының болмауы заңбұзушылық және оны Иран режимі наразылықты қолдау деп есептейді.
Спортшы Ирандағы отбасының қауіпсіздігіне алаңдаулы, себебі бірнеше суретке хиджабсыз түскен. EL PAÍS дереккөзіне сәйкес, шахматшы отбасының Испанияда пәтері бар.