АҚШ президенті Джо Байден 31 шілде Ауғанстандағы операция кезінде “әл-Каида” террористік ұйымының басшысы жойылғанын мәлімдеді.
Айман әз-Завахири “әл-Каиданы” (Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым) Осама бен Ладеннен кейін басқарды. Кезінде бен Ладеннің оң қолы болған. 2011 жылы мамырда ұйым жетекшісі Пәкістанда қайтыс болғаннан кейін Айман әз-Завахири “әл-Каиданың” көшбасшысы атанды.
Содан кейін АҚШ билігі террористік топтың жаңа басшысы туралы кез келген ақпарат үшін 25 миллион доллар сыйақы тағайындаған болатын.
АҚШ президенті Ақ үйдегі брифинг барысында Айман әз-Завахири Кабулдағы пәтерінің балконында екі Hellfire зымыранының соққысымен өлтірілгенін айтты. Оның айтуынша, “әл-Каиданың” басшысы өлтірілген кезде жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккендер болған жоқ. Ол сондай-ақ Айман аз-Завахиридің туыстары да зардап шекпегенін хабарлады.