Мысырдағы әл-Әзһар ислам университеті мұслыман әлемін исламды қорғауға және Швеция мен Дания тауарларына бойкот жариялауға шақырды. Олар мұсылман елдерінің халқы өз үкіметтері мен исламдық ұйымдарға талап қойып, қасиетті кітаптарды өртеуге қарсы бір ұстанымда болуы керек деп санайды. Соның бірі – экономикалық шара қолдану.
Әл-Әзһар ғалымдарының сөзінше, Алланың Кітабына ешбір исламофобтың ісі зиянын тигізе алмайды, бірақ соған қарамастан мұндай қорлау жайттарына жол берілмеуі керек. Швеция мен Данияның тауарларына бойкот жариялау – сол елдердің үкіметтерінің исламофобиялық актілерге жол беруіне қарсы дұрыс қадам болар еді дейді олар.