Әбу Ғассан ол кісінің өз әкесі екенін білдіргенде, Әбу Хұрайра оған дереу:
– Бұл ісің жөн емес, Пайғамбарымыздың сүннетін ескермеген екенсің. Әкеңнің алдында жүру – ерсі қылық. Әкеңнің не артынан жүр, не оң жағында жүр. Астың дәмдісін әуелі әкеңнің алдына тарт. Тамаққа әкең алдымен қол созсын. Қабағыңмен болса да жасқап, оның көңіліне селкеу түсірме. Ол тізе бүкпей тұрып, сен отырушы болма. Әкең ұйықтамай жатып, сен жастыққа бас қойма! – деп асыл дінімізде ата-ананы құрметтеу шарттарын баян етті.
Қ.Сабыржанұлы