Бүгін менің әкем мен үшін арманыма қанат бітірген ең асыл әке екенін дәлелдеді. Ол менің анамды қатты жақсы көреді. Үнемі оны күлдіріп жүреді. Ол менің әрбір футбол матчыма қатысқан. Бес жастан он жеті жасқа дейін бірде-біреуін өткізіп алмады. Құрылысшы болып жүріп отбасымызды бастан-аяқ қамтамасыз етеді.
Таңертең әкемнің қорабынан бірдеңе іздеп жүріп, кірленген, бүктелген ескі қағаз тауып алдым. Әкемнің ескі күнделігінен жыртылып алынған парақ екен. Онда менің туған күнім белгіленіпті.
Парақтағы жазу былай жазылыпты:
«Мен он тоғыз жастамын. Таза пияншікпін. Сол үшін институттан қуылған ақымақпын. Өзіне қол жұмсап, өле алмаған бейшарамын. Бала күнінде зорлық көріп, өмірін көлік ұрлаумен өткізген оңбағанмын.
Келесі айдан бастап мұның барлығына «жас әке» деген атағым қосылмақ. Бірақ мен балапанымның жақсы өмір сүруі үшін барымды сарп етемін. Менде ешқашан болмаған әкені оған сыйлаймын.
Мен ол үшін әлемдегі ең жақсы әке боламын!».
Мен ғана әкемнің қандай асқар тау екенін айта алам. Ол уәдесінде тұрды!