Атам қазақ бала тәрбиесінің бүкіл болмысын «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бір ауыз сөзге сыйғыза білген. Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала жігерлі болып өседі. Ал, ана атты бұлақтың мейіріміне қанып ер жеткен ұрпақ айналасына жанашыр келеді. Сондықтан балаға әке мен ананың тәрбиесі тең берілуі керек.