Күндердің күнінде бір кедей қарт кісі көшеде қайыр сұрап тұрады. Кенет бір салт атты оның жанынан өтіп бара жатып, бетінен ұрып кетеді. Мұндайды күтпеген қарт оған қарап:
– Бақытты бол! – дейді артынан айғайлап. Мұның барлығын бақылап тұрған жаяу жүруші қартқа келіп:
– Ол сізді ұрып кетсе де, сіз оған бақыт тілеп жатқаныңыз қалай? – дейді таңдана. Сонда қарт байсалдықпен:
– Ол мұндай әрекетке бақытсыздықтан барған болатын. Егер ол бақытты болса, көңілі тоқ болса өзгеге зиянын тигізбес еді, – деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы