Бір кісінің өліміне байланысты 7-сі, 40-ы және 52-і күндігі секілді уақыттар тағайындап, осы күндері арнайы салтанатты рәсім жасаудың ешбір діни негізі жоқ.
Қайтыс болған адамның, мұсылман әдебіне сай кебінделіп, жаназа намазының оқылып жерленуі парызға жатады.
Одан бөлек істелуге міндетті ешқандай да міндет жоқ. Алайда, сауабы қайтыс болған адамның рухына бағыштау мақсатымен хайырлы істер жасалуға болатынмен қатар, әртүрлі себептермен дұғалар да жасалуға болады.
Хазірет Айшадан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келген бір адам: «Анам кенеттен қайтыс болды. Ішкі сезімім бойынша ол өсиет қалдыруға мүмкіндігі болғанда садақа таратқанды өсиет етер еді. Енді мен оның орнына садақа берсем қабыл бола ма деп сұрады.» Пайғамбарымыз да «ия болады. Оның атына садақа бер.» деді. (Бухари, Уасая 19, Мүслім, Зекет 51).