«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық 2 мешітінде «Батаменен ел көгерер» атты облыстық бата сайысы ұйымдастырылды.
Қала және аудан-ауылдардан жиналған 8 қатысушы ел есіндегі баталар (тарихта есімі сақталған тұлғалардың баталарын нақышына келтіре айту); ұлттық салт-дәстүрлердің біреуіне арнап, өзінің батасын беру (бесікке салу, тұсау кесу, қыз ұзату, жас жұбайларға, жаңа қонысқа және т.б); билет суыру арқылы көрсетілген тақырыпқа бата беру шарттары негізінде бағаланды.
Әділ-қазылар шешімімен ақсақалдар арасынан үздік деп танылып 1 орынға Қағазбаев Марат ақсақал (Қарасай ауданы) ие болса, ІІ орын Алияқпаров Барат ақсақалға (Еңбешіқазақ ауданы), ал ІІІ орын Керімқұлов Жанат ақсақалға (Ұйғыр ауданы) бұйырды.
Шара соңында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы жүлделі орын иегерлеріне ақшалай сертификаттар, ал өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.