Қоғамда күйеуінен қорлық көрген әйелдердің саны артуда. Мамандардың мәліметінше, жуан жұдырықты жолдасынан жәбір көрген келіншектер көп жағдайда үнсіз қалады. Бұның себебі – азаматшалардың құқықтық сауатсыздығы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеке бастың мәселесі деп қарауларынан. Сала мамандары қандай да бір келеңсіздіктерге жол бермеу үшін отбасы құндылықтары мен тәрбиеге бас мән беру керек екенін алға тартады.