Бүгін Маңғыстау облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әйел жамағаты арасында воллейболдан «Спорт – денсаулық кепілі» атты жарыс өтті. Шараға облыс бойынша әйел жамағаты қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов кіріспе сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Ануар Елжанов сөз алып, ислам дініндегі спортпен айналысуға, денсаулықты сақтауға қатысты айтылған өнегелі сөздерге тоқталды.
«Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының маманы Казиева Ақмарал да сайыскерлерге ақ тілегін арнады.
Жарыс барысында әйелдер жамағаты қызықты ойын өрнегін көрсетіп, тамаша көңіл күймен тарқасты.