Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 1-18 қазан күндері облыс бойынша әйел жамағаты арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жалпы саны 7 кездесу өтті.
Түсіндіру жұмыстарына облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, білікті мамандар Ақмарал Казиева және Динара Мұхамбетова тартылған болатын. Олар әйел жамағатына дін мен ғылым-білім, діни радикализм, т.б. тақырыптарда мәліметтер берді.
Қазіргі таңда деструктивті діни идеологияның алдын алудың бірден-бір жолы – діни білімнің деңгейін отандық базада арттыру. Сондықтан отандық дін саласындағы мамандарға қойылатын талаптарды күшейтіп, дінге бет бұрған тұлғалардың біліктілігін шыңдау маңызды болып отыр.