Ертеде бір патшаның қараса көз тоймайтын аса көрікті әйелі болады. Бірақ мінезі өте нашар еді. Араларында ұрыс жанжал жиі болатын. Жүйкесі жұқарған патша бір күні ажыраспақшы болады. Оны естіген уәзірлері патшаға кеп басу айтып:
-Жұбайыңыз өте көрікті жан, мұндай сұлу әйелді еш жерден таппайсыз,- деп мақтау айта бастайды.
Патша үн түнсіз тыңдап отырып, бір кезде:
– Етігім қалай, ұнайды ма- деп сұрайды.
– Өте әдемі!
– Қымбат бұлғарыдан жасалынған. Патшалықтың ең танымал етікшісі арнайы мен үшін жасап берген болатын. Сондықтан менікіндей етік ешбір жерде табылмайды.
– Иә, иә, айтқаныңыздай екен – өте сәнді етік екенін мойындаймыз. хмм.. бірақ біздің сұрағымызға қандай қатысы бар мұнын?
Патша былай деп қысқа жауап берген екен:
– Етігім аяғымды қысады…