Маңғыстау облысы «Бекет-Ата» орталық мешітінде әйел жамағаты арасында 19 ақпан күні Маңғыстау облысы Дін істері басқарамасы ақпараттық-түсіндіру тобынының мүшесі, психолог Динара Мухамбетованың ұйымдастыруымен «Әйел адамның ресурстары» тақырыбында семинар өтті.
Сыртқы ресурстар: нақты қолмен ұстап көретін заттар, қысқа мерзімді ресурстар, мысалы кофе, тәтті, серуендеу, т.б.
Ішкі ресурстар: ұзақ мерзімді ресурстар, мысалы Аллаға сену, қабілеттер, яғни сіздің ішкі қабілет, білім, өнер үйрену, еңбек ету, бала-шаға және т.б.
Семинар барысында әйел жамағатқа адам рухы әрқашан өзінің себебін біліп, жоғарыға көтеріп, адамнан жоғары не бар деген сауалға тоқталуы тиіс. Сонда ғана өзін-өзі жетілдіреді. Адам жападан-жалғыз болмайды, адам қоғамда ғана толық қалыптасады және оның да өзіндік ішкі дауысы бар.
Рух материалдық әлемге сәйкес келмейтін өзінше ерекшелігі бар әлем болып табылады. Ғаламда рухтың екі түрлі көрінісі болады, біріншісі барлық материалдық нысандардың, құбылыстардың (органикалық, немесе органикалық емес дене болса да) өзіндік табиғи рухы болады, яғни кез келген материалдық денеден, оның ішінде, тіптен, табиғаттың бір бөлігі ретінде көрініс беретін адам, ағзасынан да белгілі бір табиғи қуаттың күштің әлемге тарап отыратыны белгілі.
Руханилық – ізгі, ақылдың шешімі, ізгі жүрек өмір ізгі сезім, жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі болса, Абайдың айтуынша «адамгершілік – махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және шешіледі», яғни рухани тәрбие – адамдарды адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда жан дүниелерінің сұлулылығына тәрбиелеу деген сөз. Адамгершілік мінез негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани мәдениетін жүзеге асыратыны белгілі.
Кездесу соңында психолог маман Динара Русланқызы жамағаттың көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарына жауап беріп, интеллектуалды сұрақ-жауап сайыс түрін ұйымдастырып, дұрыс әрі нақты жауап берген қатысушыларға кітаптай сыйлықтар берілді.