– Омардың әйелі өзіне қарсы дауыс көтеріп сөйлейтін болса, онда мен кімге шағымдалғалы жатырмын? – деп күрсініп теріс айналып кетіп бара жатқанда артынан есік ашылады. Есіктің арғы жағында халифа Омар:
– Ей, бауырым, сен маған келдің бе? Не мәселең бар? – деп сахабадан сұрайды. Сонда сахаба келген жайын түсіндіреді. Мәселені тыңдап болғасын Омар оған:
– Мені тыңда, әйел адам күнде бізге тамақ береді, балдарымызға қарайды, үй жинайды, киімдерді жуады, бір сөзбен айтқанда үйдің барлық шаруасына жауап береді. Осындай жұмыстар әйел адамға Құранда арнайы бұрық болып келмесе де әйелдер соны өз міндеттеріне алып отыр. Осылайша әйел адамдар біздің барлық жағдайымызды жасап отырған екен, ендеше біз олардың бір дауыс көтергеніне шағымданғанымыз қалай? – деп сахабаның көңілін жұбатын шығарып салған екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ – дінтанушы