– АйдарПарқұлұлы, әңгіме басын республикамыздағы діннің жағдайынан тарқатсақ. Қазіргі кезде оның халі қандай күйде деп ойлайсыз?
– Әлемде болып жатқан оқиғалар мен үрдістерге қарап, саралап, қазіргі Қазақстанның жағдайы тұрақты деп айтсақ, артық емес болар. Бүгінгі Қазақстан – ұлт және дінаралық келісім мен ынтымақтастықтың жаһан жұрты мойындаған мекені. Себебі, Қазақстанда қалыптасып отырған модель қазір шет елдер сарапшыларының жіті назарында. Біздің бүгінгі қол жеткізген табыстарымыз, сонымен бірге, Біріккен ұлттар ұйымы, ЮНЕСКО, ОБСЕ және басқа да талай танымал халықаралық ұйымдардың форумдарында талқыланып, өзіне лайықты оң бағасына ие болды. Еліміздің дін саласы шалғайдағы ауылдан бастап, елордасы Астанаға дейін толық, әрі кез келген деңгейде жүйелі бақыланып отыр. Ол дегеніміз, дін саласы – мемлекеттің тұрақты назарында. Сонымен бірге, біздің азаматтық қоғам да шынайы ислам мен жат діни ағымдарды ажыратуға қабілетті. Дей тұрсақ та, кейбір дінтанушыларымыз бен діни қызметкерлеріміздің қызметі әлі де болса жоғары шыңдалуды талап етеді. Мәселен, солардың кесірінен кеткен қателіктерден ЖОО, орта білім мекемелері, мешіт, үгіт-насихат топтарымыздың назарынан тыс қалған кейбір жастарымыз жат діннің жетегінде кетіп жатыр. Сол сияқты, ұлттық мүдделерді мойындамайтын, дұрыс тәртіпті, әсіресе, жат дінді әрі экстремистік ағымдарға қатысты пайымдарды теріске шығаратындар да бар.
Сонау тоқсаныншы жалдардан-ақ әр түрлі радикалды, экстремистік, сектанттық ағымдар елімізге талай эмиссарларын, миссионерлері мен өкілдерін жіберіп, халқымыздың түрлі топтарының арасында насихат жұмыстарын жүргізгені белгілі.
– Сонда, олармен қайтіп күресуге болады? Және жат пиғылдылардың жастарымызды баурап алатындай амалдары қандай?
– Радикалды ағымдардың тұзағына түсіп үлгерген адамның бетін қайтару, тіптен, қиын. Оларға істерінің бұрыс, түскен жолдарының жалған екенін айтып түсіндіре алмайсың. Радикалды ағымдардың қақпанына көбінесе дін мәселесінде білімі шамалы адамдар түседі. Яғни, бұны бір сөзбен білімсіздік, әсірешілдік, діни мәтіндерді тікелей түсіну деп айтуға болады. Бұған қоса, жат діннің эмиссарлары жастардан жақтас жасақ құру мақсатымен әлеуметтік арбау мен жастарды мәгүртке айналдыру технологияларын да пайдаланады.
– Осы аталған діни секталар жақтастарының ерекшеліктері неде?
– Біріншіден, олар басқа ағымдарды мүлдем мойындамайды: көкірегі ешқандай дәлел, фактті қабылдамайды. Тіпті, пікір алмасудың өзінде экстремистік ағым өкілдерінің кез келген дәлелге «меңіреу» екенін жиі байқауға болады: шындықтыолар жай ғана тыңдағысы келмейді.Радикалды, экстремистік ағымдар уағыздаушылары қандай да бір пікір-таласқа, қарым-қатынасқа бармайды, республикалық, қалалық, жалпықалалық, аймақтық діни конференцияларға, алқалы жиындарға қатыспайды. Бір сөзбен айтқанда, олар ойларын жасырын ұстайды, біздің сарапшылар қауымымен, ғалымдарымызбен, билік өкілдерімен еш қатынаспайды. Көрген адамымен сыпайы, кез келген жағдайда қолдауға дайын. Бірігіп жұмыс істеуге құлықты бола отыра, жағымды тәжірибені, ешқандай дәлелді, қисынды қабылдамайды.
Біреумен қарым-қатынасу ынтасының жоқтығы олардың қоғамымыздың құндылықтарын мойындамауының айқын дәлелі болып табылады. Себебі, көне замандардан жалғасып жатқан қағида –екі адам арасындағы айтыс дәлел, факт және қисынға, қарсыласына деген құрмет пен оның тұлғасына негізделуі шарт.Міне, бұндай айтыс немесе пікір-таласты қазір біз жалған діни, жиһадшыл, радикализмге ниеттенген вахабиттік, салафиттік ілімдердің ешқайсысынан да байқамаймыз. Қысқасы, өздерін қалай атаса, солай атасын, бірақ олардың дәлелмен айтысуға еш дайындығы жоқ. Қазіргі Сириядағы жиһад Пәкістандағы, Өзбектанның ислам қозғалысы жариялаған житһаттардан еш ерекшеленбейтінін атап өткен жөн. Радикализм болып қалмақ. Бұл – адамзаттың бар жетістіктерін жоққа шығару. Оның исламмен еш байланысы жоқ. Бұл – жай ғана қан төгу, адам өлтіру, зорлау мен қанау әрекеттері.
– Қазіргі кезде еліміздің дін саласында үлкен профилактикалық шаралар атқарылып жатыр. Қалай ойлайсыз, олардың қандай да бір нәтижелері бар ма? Жалпы, тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда, жағдай жақсы деп айтуға бола ма?
– Әрине, осы мәселедегі жағдайдың ілгері жылжығанын айтпасқа болмайды. Қазіргі кезде республиканың бүкіл аймақтарында, шалғай жатқан елдімекендерде жүздеген іс-шаралар атқарылып келеді. Өзім де мұндай профилактикалық іс-шалардың жұмысына қатысқанмын. Жүріп өткен жерімнің жұрты саналы әрі көп мәселелерден хабары бар екеніне көз жеткіздім. Алайда, барлық жер бірдей емес, күшейтілген жұмыстарды талап ететін аймақтар бар. Қазіргі басты талап – оқытушы мамандарды көп тарту қажет. Экстремизмнің, радикализмнің мәнін оқытушылар мен мұғалімдер ресми дін өкілдерімен бірлесіп жұмыс атқарғанда ғана түсіндіре алады деп ойлаймын.
– Дінтану мамандарын даярлау жұмыстары қаншалықты дәрежеде орындалып жатыр?
– Қазір дінтану мамандарын бізде жоғары оқу орындары тәрбиелеп оқытуда. Тарих пен гуманитарлық факультеттерде, мысалы, діннің мәні, тарихы жіті түсіндіріледі. Бірақ, дінтану білімі мен ғылымының жағдайы өзгеше, жөні басқа. Қазақстанда едәуір білікті ғалымдар, дінтанушылар жұмыс істейтін бірнеше жоғары оқу орындары бар. Олар – «Нұр Мүбарак» ислам университеті, Қ.А Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия, саясаттану және дінтану институты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ. Сонымен бірге, бірқатар ЖОО-да жоғары білікті дінтанушы ғалымдар жұмыс істейді.
– Қазіргі таңда жастар жаппай дін жолын таңдауда, діни кітаптарға да сұраныс жоғары. Кітап таңдау кезінде жастар қандай талаптардыназардан шығармауы керек?
– ЖОО мен мектептерде қолданылатын оқулықтар мен әдебиеттердің барлығы ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұсынылған. Бүгін елімізге келетін кез келген шетелдік діни басылымға біздің дінтанулық сараптаманың сапалы баға беруге мүмкіндігі баршылық. Кез келген кітап немесе оқулық міндетті түрде тексеріледі. Сондықтан өз басым жастарға біздің ресми органдар мақұлдаған әдебиетті сатып алуға кеңес беремін.
– Жастарымыздың шетелде діни білім алуына қалай қарайсыз?
– Алғашқы дінтанулық білімді, яки бакалавриатты өзіміздің отандық жоғары оқу орындары да бере алады. Шетелде сіз тек білімді шыңдай аласыз, оқуыңызды тек магистратура, не докторантураға түсіп жалғастыруыңызға болады. Шет елде, ең алдымен, ислам ағымдарын зерттеу, ортағасырлық ғұламалардың діни шығармалары мен философиялық трактаттарына қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу және әлемге әйгілі ғылыми орталықтардың жинақталған мұрасын зерттеу қажет деп айтсақ та, мұнда да абайлап жүрген абзал. Себебі, кейбір ғылыми орталықтарға экстремистік ағымдар ықпалы таралуы бек мүмкін.
– Сіздің ойыңызша, ұлттық дәстүрлеріміз бен ислам құндылықтары қаншалықты үйлесімді, олардың арасында қайшылықтар кездесе ме?
– Сөзіңіз дұрыс. Біздің ғасырлар бойы жинақталған өз дәстүрлеріміз бар. Бүгін олар қайта өрлеу үстінде, ал кейбіреулері жаңаша сипат алып келеді. Қазір Қазақстанның өз, ислам дәстүрлерінің қазіргі заманға сай үлгісі бар деп айтар едім. Яғни, Қазақстанда біз діни мерекелерді атап өте аламыз, дәстүрлерді сақтап, келесі ұрпаққа жеткіземіз, дұрыс діни сенім қалыптастырамыз. Жалпы, ұлттық дәстүрлеріміз исламға еш қарсы емес. Әрбір мұсылман мемлекеті, кез келген мәдениет – бұл ислам мәдениетінің ортақ қазынасына құйылатын қайнар. Себебі, әлемнің өзі әртектілігімен қымбат емес пе.
Егер сіз, мысал үшін, ыдыс-аяққа салынған өрнекке қарасаңыз, оның әр мұсымлан елінде ерекше екеніне көз жеткізесіз. Сол сияқты, тұрмыс заттары, киім-кешек, сәулеті өнері, ауызша және жазбаша әдебиеттегі әртектілік болса, тіпті бөлек.«Тұтастық – әртектілік арқылы танылады» деген данадан қалған сөз бар. Сондықтан, ислам ілімі заттары орын-орнына қойылған қатып қалған сандық тәрізді емес. Ислам – адамға кемелденудің есігі мен әлемін ашады. Мұнда ғылым да, тарих та, әдебиет те сақтаулы.
Қазақстан да ислам әлемінің бір аймағы болып табылады. Мемлекетіміздің әлемдегі әртекті ислам өркениетіне қосқан әрі қосар үлесі зор. Әрине, мәдениетіміздің төл ерекшеліктері мен себептері бар, бірақ ол – қалыпты жайт. Олай деп отырғанымыз, ислам бір орында тұрақтап тұрған жоқ, ол үнемі даму үстінде. Мешіттің өзінде намаз оқыған молданың білімі артта тұрған мұсылманның білімінен кем болса, онда молда орнын сол адамға беруі тиіс деген қатаң қағида орныққан. Яғни, сайысу, бәсекелесу рухы исламда бар дүние. Бұл ислам қағидаларында айқын көрсетілген. Мәселен, хадистердіңбірінде «Жақсының көзі Қытайдан табылған болса, сонда барып оқы» дейді. Ислам – жалпы дүниежүзілік мәдениеттің бөлігі. Ал оған исламмен қатар басқа әлемдік діндер кіріп, байытады.
Өкінішке орай, ислам әлемі қазір дағдарыста өмір кешуде. Экстремизм мен терроризм ислам атынан әрекет етуде, көп жерлерде соғыс болып жатыр. Күйзеліс, жұмыссыздық, аштық ислам мемлекеттерінде кең таралған. Әрине, геосаяси қақтығыстардың астарында көмірсутектердің, пайдалы қазбалардың үлкен қорлары жатқандығы даусыз. Бірақ, өзбасым қазіргі ислам әлемінің философиясында бұрынғы прогрессивті ойдың, ғылыми жетістіктердің дәстүрлері жойылған, ал бұл білім мен тәрбие берудің жүйесіне кері әсерінен көрініс тапқан деп ойлаймын. Әлем халқы ислам мәдениеті мен өркениетінің феномені жайлы айтып жүрсе, ислам бейбітшілік, келісім мен жақсылықтың діні екенін басқа өркениеттер мойындаса, бұдан асқан жетістік жоқ деп санаймын.
– Ой бөлісіп, тартымды сұхбат бергеніңіз үшін көп рахмет.
E-ISLAM.KZ