Ақтөбе облысы Бегімбет ауылындағы «Бегімбет» мешітінің ұйымдастыруымен ауылдың мәдениет үйінде «Балалар жылы» аясында Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа оқу байқауы өтті.
Байқауға Б.Сүлейменов орта мектебінің 7-11 сынып оқушылары қатысты. Ұлт ұстазына арналған байқауды ауыл әкімі Оралбек Әбшанұлы ашты. Әділқазылар құрамында зейнеткер, тарихшы ұстаз Сәлима Ермекбайқызы, Б.Сүлейменов орта мектебінің ұйымдастырушы педагогы Әсел Тілеумағанбетова мен «Бегімбет» мешітінің бас имамы Нұрдәулет Әуезов болды.
Жарыс қорытындысы бойында І орынды Жандос Есенаманов, ІІ орынды Елдос Есенаманов, ІІІ орынды Нұрайым Көптілеуова иеленді. Жеңімпаздарға сертификат пен ақшалай сыйлық табысталды.