Діни танымы қалыптаспаған жастар жат ағымдардың идеологиясын бойына сіңіріп, құндылықтардың орнын ауыстыруда. Шариғаттың маңызы төмен екінші кезектегі тармақ мәселелері көбірек талқыға салынатын болды. Дәлірек айтқанда, сүннет парыз орнын басты, ал парызды орындамаған «діннен шықты».