Қазір деструктивті діни ағымдар баяғыдай ашық белсенділігін тоқтатып, жабық, жасырын насихатқа көшті. Олар мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан оң жұмыстардың нәтижесінде радикалды көзқарасын ашық айтпайтын болған. Сауд Арабиясының бұрынғы идеологиядан бас тартуы да өз әсерін берген болуы мүмкін. Бірақ бұл елімізде теріс ағымның қаупі сейілді дегенді білдірмейді.