Деструктивті діни топтар өз жақтастарын көбейтуде түрлі әдістерді қоладанады. Психологиялық арбау тәсілдерін жетік меңгерген олар ғаламтор мүмкіндіктерін де пайдаланып отыр. Радикалды топтардың ықпалына түскен тұлғалар сыни ойлау, күмәнмен қарау тәрізді қабілеттерінен айырылып, бұл бағыттың қауіпті екенін аңғара алмайды.