Амр ибн А’с халықтың жағдайын жасап, ондағы мұсылмандар мен өзге дін өкілдері арасында біршама жағдайды жақсартып та үлгерді. Бір күні Амр ибн А’с мысырлық қыптимен (Қыпти (Копты) – Мысырдың ежелгі христиан діні өкілдері) жүгіруден жарысқа түседі. Жарыс барысында артта қалып қойған Амр ибн А’с ашуланып:
– Мен секілді ұлылардан сен артық емессің, – деп әлгі қыптиды қолындағы аса таяғымен бір қояды. Қапа болған қыпти дереу халифа Омар ибн Хаттабқа барып шағымданады. Халифа екеуін алдына шақыртып, мән-жайды білгеннен кейін жаза ретінде қыптиден Амр ибн А’сты асамен ұруды талап етіп бүкіл мұсылманға әділдіктің үлгісін көрсеткен еді.
Жалғас АСХАТҰЛЫ