Содан Мұса а.с. дереу бар жұмысын тастап әлгі талдың көлеңкесіне барып отырады. Біраз уақыттан кейін бұлақтың жанына бір атқа мінген ер кісі аялдайды. Су ішуге атынан түскен сәтте атқа жегілген дорбаның ішінен ақша толы қоржын түсіп қалады. Суын ішіп болып әлгі кісі түскен қоржынды байқамай атына мініп кетіп қалады. Артынан бұлаққа ойын ойнаған жас бала келеді. Бала жерде жатқан қоржынды көреді де алып дереу су ішпестен бұлақтың басынан ізін суытады. Мән жайды көріп, біліп отырған Мұса а.с. пайғамбар еш тіл қатпастан бақылап отыра береді.
Аз уақыттан кейін бұлақтың басына су алуға жасы ұлғайған қарт ақсақал келеді. Еңкейіп су ала бергенде артынан әлгі атты кісі шауып келіп ақсақалға былай дейді:
– Ей, ақсақал, мен жаңа ғана осы жерден су ішіп кеткен едім. Байқаусызда дорбамнан бір қоржын ақша түсіп қалыпты. Сол қоржынды сен алған боларсың. Қане қайтар бері, дейді. Сонда ақсақал сасқанынан:
– Мен бұл жерге енді келдім және ешқандай қоржынды байқағаным жоқ. Алланың атымен ант етейін менің ешбір кінәм жоқ, дейді. Ақсақалдың ақталғанына сенбеген аттылы кісі қылышын сауытынын суырып әлгі ақсақалдың басын шауып алады. Мұса а.с. көргеніне сенбей Алладан мұндай жағдайдың мәнін сұрайды. Сол сәтте Алла Тағала:
– Ей, Мұса, бұл ақсақал жас кезінде әлгі аттылы кісінің әкесін қастандықпен өлтірген болатын. Соның жазасы ретінде баласы әкесінің орнына ақсақалдың өмірін қиды. Бұдан бөлек ақша тола қоржынды аттылы кісі әлгі тауып алған жас баланың әкесінен күш көрсетіп ұрлап бара жатқан еді. Ұрланған заты арам болғандықтан ол қоржын аттылы кісіге бұйырмады. Осылайша әр адамның ақысын баласы арқылы қайтарып бердім. Сен менен әділдікті сұрадың мен саған әділдікті осылайша көрсеттім, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы