Күндердің күнінде үш жолдас көшеде кетіп бара жатып жолдың шетінде алды-артына қарамай жер қазып жатқан кісіні көреді. Олар біршама тоқтап біріншісі:
– Мынау біреуді өлтірген-ау деймін. Соның денесін жасырын көму үшін ор қазып жатқан болу керек, – дейді. Екіншісі:
– Жоқ, олай емес. Бұл адам өте сараң болуы керек. Тапқан бар дүниесін ешкімге берместен жерге жасырмақшы шығар, – дейді. Сонда үшіншісі:
– Жоқ, бұл кісі адамдар су ішсін деп құдық қазып жатқан болуы керек, – дейді.
Түйін: Әрбір адам өзінің ойымен бойында қалыптасқан шынайы келбетінен хабар береді. Жақсы адам өзге туралы жақсы ойлайды, ал жаман адам өзгенің айыбын жариялап, қашан да басқаларға күмәнмен қарайды. Сол үшін Құранда: «Кейбір күмәнда (ойда) күнә бар» делінген.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы