Күндердің күнінде бір міскін дана кісіден келіп мынадай сұрақтар қойыпты:
- Адамдардың арасында ең мықтысы кім? – Өзін өзі ашу келгенде тежей білген адам.
- Адамдардың арасында ең әлсізі кім? – Қара халыққа дауысын көтерген адам.
3. Адамдардың арасында ең ақылдысы кім? – Жел соғысына қарсы иілмейтін адам.
- Адамдардың арасында ең ақымағы кім? – Өзін өзгеден ақылды санайтын адам.
- Адамдардың арасында көп сөйлейтін адам кім? – Сөзінде сүзіп алар түйіні жоқ адам.
- Адамдардың арасында ғалымы кім? – Білімі мен амалы ұштасқан адам.
- Адамдардың арасында жазушысы кім? – Жүрегімен сезіне отырып ішкі жан дүниесімен жазған адам.
- Адамдардың арасында ең шыншылы кім? – Алдымен өзіне жалған сөйлемейтін адам.
- Адамдардың арасында кемшілігі бары кім? – Барлық адам кемшілік иесі.
- Адамдардың арасында кемшіліксізі кім? – Кемшіліксіз Аллаһ Тағала ғана!
Уақыт өзін бос өткізетін адамды ұнатпайды.
Генри Форд
Біз кез-келген елді, жерді, үйді өзгертіп, қаша аламыз. Ал, өзімізден ешқайда қаша алмаймыз. Қашсақ та қайда барарымызды білмейміз.
Омар Хаям
Ең бақытты адам ол жақсы адамдармен байланыс құрған адам.
Хадис Шариф