Сұрақ: Адамға надан, дүниеқоңыз, сараң, залым, нәпсісінің құлы, жүрегі қара деп айтып жатады. Сонда адам өзінің бойындағы осыншама жаман қасиеттерімен дұрыс жолды тауып жұмаққа бара ала ма?
Жауап: Расында да адам баласына тән аталған теріс сипаттардың барлығы Құран Кәрімде кездеседі. Адамның жаратылысы сондай болып келеді. Пенденің нәпсісі кәпір болып жаратылған және нәпсі Алла тағаланың жауы, ол тыйым салынған нәрсені жасағаннан рахаттанады. Белгілі ислам ғалымы Раббани өзінің Мектубат атты еңбегінде хадис шарифте: «Жаратушы иеміз, нәпсіңізге жау болыңыз, өйткені ол менің жауым»–деп бұйырғанын атап өтеді.
Құран Кәрімнің Юсуф сұресінде де «Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады. Бірақ та Раббым мәрхамет етсе ол басқа. Күдіксіз Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді (53 аят)»– деп бұйырылады.
Алла тағала нәпсіні азғын қылып жарата отырып оның қасында ақылды да жаратты. Ақыл – шындық пен ақиқатты жалғаннан ажырататын күш. Егер жүрек ақылға бойұсынып нәпсіні тәрбиелеп нәрлендірсе зиянның алдын алады. Жүрек нәпсіге алданып қалмаса, оған мойынсұнбаса үлкен жихад жасаған болады. Алла тағала нәпсіге қарсы жиһад жасағандарға жұмақта жоғары дәрежелер берілетіндігін хабарлайды.
Қарап отырсақ, нәпсі адамдардың жихад жасағандай деңгейге көтеріп, періштелерден жоғары болуларына себеп қылады. Көріп отырғанымыздай, біздің нәпсіміз пышақтың екі жағы да өткір жүзі сияқты. Ол күнә жасауы да мүмкін немесе жиһад жасағандай деңгейге шығара алады.
Сондай-ақ нәпсі у қосылған дәрі сияқты. Оны дәрігердің кеңесі бойынша қолдану пайдалы. Шектен артық пайдаланушылар құрып кетеді. Ислам діні нәпсіні жоқ қылып жіберуді емес, оны тәрбиелеуге және одан пайдалануды бұйырады. Егер дұрыс әдісі қолданыла отырып тәрбиелей алсақ келеңсіздіктерді жоюға болады.
Жер бетіндегі, жер астындағы және аспандағы барлық нәрсе адамзат үшін жаратылған. Біз тыныс алатын ауаны бергенге шүкіршілік ете алмайтындай әлсізбіз. Адам өзін сансыз нығметпен жарылқаса да, Аллаға ризашылық білдірмейді. Бұл туралы Құран Кәрімнің Ибрахим сүресінде:
«Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз. (34 аят)»– деп бұйырылады.
Көптеген аяттарда адамның қанағат етпейтіні білдірмейтіні туралы айтылады.
Әдият сүресінің 8-ші аятында айтылғандай, адамдар дүние-мүлікке өте құштар («Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді» (8 аят). Оның үстіне сараң болып келеді. Исра сүресінің 100-ші аятында Алла тағала рахмет қазыналары берілгеніне қарамастан, адам баласының сонда да сараңдық танытаныны айтылады
(«Мұхаммед Ғ.С.) оларға: Егер сендер Раббымның рахметінің қазынасына ие болсаңдар, сол уақытта да оның жұмсалып кетуінен қорқып, әрине үнемшілік істер едіңдер. Өйткені, адам баласы тым сараң де». (Исра 100).
Ғалак сүресінің 6 және 7-ші аяттарында адамдар өздерін мұқтажсыз сезіне бастаса азғындыққа үйір бола бастайтыны баяндалады («Сөз жоқ, адам баласы әрине азады; Ол, өзін мұңсыз көргендіктен» (6-7 аят).
Әрине, бізді жаратқан Раббымыз бізді бізден жақсы біледі. Жоғарыда адамның кейбір жаман қасиеттері сипатталды. Ауруды жаратқан Алла тағала оның емін қоса жаратты. Алланың бұйрықтары мен тыйымдарына мойынсұнған кезде құтқарылу үмітіміз де артады. Егер, адам тек намаздың өзін дұрыс орындаса, онда ол жоғарыда айтылған барлық жамандықтардан арылады.
Бұл туралы Анкабут сүресінде: « (Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасағандарыңды біледі.» (45 аят) – деп бұйырылады.
Демек, мұндай жағдайда адамға түскені – ақылды тыңдау, нәпсіге бағынбау, күнәлардан аулақ болу және намазды дұрыс орындау.
Балғабек Мырзаев
дінтанушы, Ph.D докторы
Дінде кеңшілік көп, тек соны жиі айта бермейтінім жаман. Үнемі қорқыту емес, сүйіспеншілік керек қой