Бірде пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабасымен бірге тоғайлы жерге барады. Ол жерден екі мисуак кесіп алады. Оның бірі түзу, бірі қисық болатын. Түзуін жанындағы сахабасына ұсынады. Сахаба сонда пайғамбарымызға (с.ғ.с.):
– Уа, Алланың елшісі! Уаллаһи, түзуіне менен гөрі сіз лайығырақсыз, – дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Қандай да бір адам біреумен күннің бір сағатында болса да жолдас болса, міндетті түрде жолдастығынан есепке тартылады. Жолдастығының ақысын өтеді ме, жоқ әлде зая қылды ма, сұралады, – дейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл ісімен исар-досын өзінен артық қою жолдастықтағы Алланың ақысын орындау екендігін меңзеген.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ