Тағдыр деген өте күрделі мәселе. Адам баласы өзінің және басқа адамдардың қандай болатыны біле алмайды! Адамның міндеті Алланың берген ақыл мен миын дұрысырақ пайдалану.
Негізі Оның ұлылығының басты белгісі Оның барлық нәрсенің білуінде. Осы жағынан қарағанда тағдырдың өзгеруі туралы айту Алланың ілімінің өзгеруі деген сөз. Ал бұл мүмкін емес нәрсе. Сондықтан тағдыр өзгермейді.
Алайда кейбір Ислам ғалымдар Алланың қалауымен тағдырының өзгеруі мүмкін деген пікір қалдырған.
Тағдырдың өзгере алатыны жайында пікір білдірген ғалымдар тағдырыды екіге боліп қарастыраған: “Мұтлақ” тағдыр және “мауллақ” тағдыр.
Өзгеру біріншісінде емес екіншісі болуы мүмкін деп көрсетеді. Олардың айтуынша садақаның бәленің алдан алатыны, туысқанмен қатынастың өмірді ұзартатының білдіретін хадистер осыны дәлелдеуде. Осы екінші тағдырдың Алланың іліміне байланысты айтатын болсақ, ешкандай өзгершіліктің болмағандығын байқаймыз. Алла бәрін алдын ала білмек.
Негізі бұл тақырыпты тағы бір қозғап, мүмкін көлемді мақала жазу керек шығар.
Иә, Алла Тағалаға алдын ала білу тән. Біз пенделер ғайыпты білмейміз.