Күндердің күнінде бір ғалым Халил ибн Ахмет әл-Фараһидиден:
– Адамның бойындағы білімі қалай өлшенеді? деп сұрапты. Сонда ғалым:
– Адам біліміне қарай 4 түрлі болады:
1) Ғалым: Білімді әрі өзінің білімді екенін біледі – Бұдан білім алыңдар!
2) Ғапыл: Білімді бірақ, білімді екенін аңғара бермейді – Бұны ояту керек!
3) Надан: Білімі жоқ және білімсіз екенін анық мойындайды – Бұны оқыту, үйрету керек!
4) Ақымақ: Білімі жоқ сонда да білімсіз екенін мойындамайды – Бұдан аулақ жүру керек, деп өсиетін айтқан екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы