Шариғат бойынша, намаз оқушының киіміне немесе денесіне көлемі дирхам тиынындай не одан да аз мөлшердегі ауыр нәжіс жұқса, ол мәкруһ болғанымен намаз оқи беруге болады.
Әбу Ханифаның (р.а.) басынан дәл сондай жағдай өтіп, киіміне дирхам көлеміндей нәжіс жұғып қалса, соны жуып отырғанын көрген шәкірті:
– Ұстаз, Сіз өзіңіз киімге дирхам көлеміндей нәжіс жұқса, намаз оқи беруге болады деп айтып едіңіз ғой. Ондай болса, киіміңізді неге жуып отырсыз? – деп сұрапты.
Сонда,Әбу Ханифа (р.а.): «Ол – пәтуа, ал мынау – тақуа», – деп жауап берген екен.
Қуат ҚАБДОЛДА