Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с7) өмірден озғаннан 67 жыл өткенде өмірге келген Нұғман бин Сәбит бин Зута бин Мах 80 (699) жылы Куфа қаласында дүниеге келді. Ислам дінің құқықтық (фиқһ) саласының қалыптасуы мен дамуында маңызды рөл атқарды, міне осы себептен де жамағат арасында Әбу Ханифа және Имам Ағзам деген лақап атпен танымал болды.
Әбу Ханифа деп аталуының себебі Ханифа есімді үлкен қызы болғаны жайында деректер бар. Сонымен қатар Хаммад және басқада балалары бары да айтылады. Басқа бір дерек көзінде бұлай аталуының себебін, ирактықтар арасында үнемі сия сауыт немесе ханифе деп аталатын сауыт түрін алып жүруі десе, енді біреулері Ханифа сөзіне сүйене отырып, ақиқат пен бағыттан таймайтын адам деп сипаттауынан туындаған. (Ибн Хасер әл-Хейтеми, 32-бет). Міне осындай деректерге сүйене отырып ғұламалардың басым көпшілігі «Ебу Ханифе» дегенді қызының есімі емес, лақап ат және сипаты ретінде қабылдаған.
Ислам дінінің құқықтық жүйесінің қалыптасуында басшылық етуі және шәкірттерінің күш-жігерімен дамып тараған Ирак фиқһ мектебінің негізін қалағаны үшін де «Ханафи мәзһабы» деп аталды. «Ұлы имам» деген мағынаны білдіретін Имам-и Азам деп аталуының себебі де замандастары арасында беделді орынға ие болуы, құқықтық ой мен көзқарастары, ижтиһад әдісінде жаңа тұғырды бұзуы сияқты себептермен түсіндіруге болады.
Алпыс сегіз жыл өмір сүрген Әбу Ханифа 150/767 жылы өмірден озды. Имам Ағзам Әбу Ханифаның өсиетімен Хайзуран мазарлығының шығыс беткейіне жерленді. Қабіріне 459 (1067) жылы Әбу Саад әл-Мустеуфи күмбез орнатып, жанынан медресе тұрғызды. Оның қабірі бүгінде Бағдад қаласының «Азамие» деген шағын ауданында. Бұл ауданның атауы Имам Ағзамның құрметіне берілген.
Имам Ағзам Әбу Ханифның өз қолымен жазған әдебиеттерінің нұсқасы сақталмаса да, бізге дейін жеткен мынадай әдебиеттері бар екені айтылады. Олар:
- Әл-Фиқһу л-Әкбар – «ең үлкен амал» деген мағынаға саятын бұл әдебиет, сенімдік тұрғысынан жазылып көптеген тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар бұл еңбегінде төрт халифаның мемлекетті басқарудағы әділдігі мен ұстанымының рухани тұстары бейнеленген.
- Әл-Фиқһу л-Әбсад – бұл еңбек ұлы Хаммад және шәкірті Әбу Юсуф пен Әбу л-Мутиғ әл-Хакамның риуаяттарымен сенімге қатысты жазылған.
- Әл-Алим Уә л-Мутағаллим – Бұл еңбек Әһли Сүннет Уә л-Жамағаттың сеніміне қатысты сұрақ-жауап ретінде құрастырылған.
- Әр-Рисала – Әбу Ханифаның Басра қазысы Осман әл-Бәттиге жазған бұл хатында, сенім мәселелеріне қатысты өзіне тағылған кейбір айыптарға жауап береді.
- Әл–Уасия – Әбу Ханифа өз заманында пікір айырмашылық туындаған тақырыптарды жазады. Сонымен қатар он екі қағида жазылған өсиет кітабы.
- Әл-Хасидату н-Нуғмание – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) арнап жазған естелік дәптері. Бұл еңбек, Каир 1282, 1299; Александрия 1288; Стамбул 1279, 1298, 1320 жылдары нұсқаларын қарауға болады.
- Әл-Муснад. Шәкірттері Әбу Ханифадан риуаят еткен хадистер жинағы. Әбу Ханифа үкім шығарарда дәлел ретінде пайдаланған хадистерді қамтитын еңбек. Сонымен қатар Әбу Ханифаның жиырмадан астам қолжазбасы бар екені айтылады.
Әбу Ханифа құқыққа қатысты мәселеде шәкірті Мұхаммед б. Хасан жазған «Захиру р-риуает» еңбегінің мәтіндері. Бұл еңбек Әбу Ханифаға қатысты көзқарастар мен ижтиһадтарды қамтитын және ханафилер бұл әдебиетті сенімді дереккөз деп санайды. Сонымен қатар бұл еңбектің мазмұны баптар мен тарауларға бөліп жазылып, тазалық, ғибадат, мунакехат, муамалат, худуд, укубат… мұрадан бастап бөлек-бөлек тарауларда жинақталған. Міне осы себептен де, Ханафи фиқһының кодификациясы Әбу Ханифадан басталды деуге толық негіз бар.
Исатай БЕРДАЛИЕВ,
Ислам құқық ғылымдарының (PhD) докторы