Мұхаммед бин Сирин түс жоритын кісі болған. Оның «Тағбир Руиа» (Түс жору) атты кітабы да бар. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең жақын досы, Әбу Бәкір Сыддықтың жорыған түстерінен бір-екеуін айтып көрейік.
Сағид бин Мусайаб: Айша (р.а.) түсінде үйіне үш ай түскенін көрген екен. Бұл түсін әкесі Әбу Бәкірге әңгімелеп береді. Сонда, Әбу Бәкір Сыддық түсті жақсылыққа жоритын. Ол: «Түсің дұрыс шықса, сенің шаңырағына жер бетінің ең жақсы үш кісісі жерленеді», – деген екен.
Әбу Бәкір (р.а.) айтқандай-ақ, Пайғамбар (с.ғ.с.) Айша анамыздың шаңырағында көз жұмады. Сонда, Әбу Бәкір (р.а.): «Ей, Айша! Бұл сен көрген үш айдың ең жақсысы», – деген екен[1]. Расында, Айша анамыздың үйіне Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) кейін оның екі досы Әбу Бәкір мен Омар (Алла екеуінен де разы болғай) жерленген.
Амр бин Шурайхбил баян етеді: Алла елшісі (с.ғ.с.): «Түсімде қара қойларды айдап жүр екенмін. Сосын ақ қойларды айдадым, ақ қойдың көптігінен қара қойлар көрінбей қалды», – дейді. Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Уа, расул Алла! Қара қой дегеніңіз арабтар мұсылман боп, олар көбейеді. Ал, ақ қой дегеніңіз мұсылман болған араб емес халық. Олардың көптігінен арабтар көрінбей қалады», – деп жориды. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Міне, осылай сәресі уақытында періште жорып берген еді», – деген екен. Ақиқатында, бүгінгі таңда мұсылман үмбетінің басым бөлігін араб емес ұлттар құрайды.
Руслан ҚАМБАР