Абай адамның рухани кемелденіп жетілу жолында толық адам ұғымын жоғары қойды. Хакім іздеген толық адам еңбекқор, мейірімді, қанағатшыл, рахымды, тұла бойы толған ар, ұят, пенделіктен қол үзген имандылық жолындағы абзал азамат. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек», – дегенде, Абай толық адам хақында ұстанған көзқарасына сай сипаттарды атаған.