Абай бұл сөзді Құранға сүйеніп айтып тұрғанында шүбә жоқ. Өйткені, Құранда Алла тағала: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» («Зәрият» сүресі, 56-аят), – деп әмір еткен. Расында, адамзаттың жаратылу мақсаты – Раббысын тану, Оған құлшылық ету. Яғни, Абай сан ғасырлар бойы ата – бабамыз ұстанып келе жатқан Ислам дініндегі төрт мәзһабтың бірі Ханафилік жолдың негізін қалаған Әбу Ханифа имам Ағзам жолында болған.