Іс-шараның мақсаты – ұлтымыздың ұлы ойшылы, философ Абай Құнанбайұлының ұлттық идеяларға толы асыл-мұраларын дәріптеу, музейге келушілердің назарына құнды жәдігерді көруіне мүмкіндік беру, кейінгі ұрпақтың тағзым етіп, ұлы ақынның шығармашылығы мен еңбегіне деген қызығушылығын арттыру.
Салтанатты іс-шарада сөз алған Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев жиналғандарды Абай күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Бұл құнды жәдігерлер осы дөңгелек үстел аясында сіздердің назарларыңызға ұсынылып отыр. Бүгін Ұлттық музейдің қоры ұлы ақынға қатысты тағы бір жәдігермен толып отыр. Сонда бізде ұлы ақынымызға қатысты 43 құнды жәдігеріміз бар. Бұл Семей қаласында меценат Бекбай Байысовтың керуен сарайында тұрған, Абай Құнанбайұлы бастаған, қазақ зиялылары шай ішкен самаурын. Аталған тарихи жәдігердің тағы бір құндылығы Семейде Абай атындағы алғашқы музей ашылғанда сол жердегі экспозицияға ұлы ақын пайдаланған құнды бұйым ретінде қойылған. Сондықтан бұл тарихи жәдігердің еліміздегі ең ірі мәдени мекемесі – Ұлттық музейге тапсырылуы келешек ұрпақ үшін маңызды деп санаймын, – деді ол.