Күндердің күнінде бала анасына келіп әкесінен жасырып ақша беруді өтінеді. Алайда, анасы берген ақшаны болмашы нәрсеге жаратады мекен, деп ақша беруден бастартады. Бұған бұлыққан баласы бөлмесіне барып жатып қалады.
Кеш батқан соң баласы хат жазып, ас үйдегі анасына барып қолына ұстатады да үнсіз жөнімен кетеді. Анасы кідірместен хатты ашып оқиды. Онда:
– Бұл апта ішінде бөлмемді тазалағаным үшін – 1000 тг.
– Дүкенге барғаным үшін – 1000 тг.
– Бала қарасқаным үшін – 1500 тг.
– Үй шаруасына көмектескенім үшін – 1500 тг.
– Мектепте жақсы оқығаным үшін – 1500 тг.
Жалпы: 6500 тг., «Еңбектің ақысын тері қатпай өтеңіз», деп жазылған екен.
Анасы баласының жазбасына жымиып, парақтың екінші бетіне былай деп жазады:
– 9 ай көтергенімнің ақысы – өлшеусіз
– Ана сүтін бергенім үшін ақысы – өлшеусіз
– Жуып шайып, киіндіргенім үшін ақысы – өлшеусіз
– Түн ортасында жылдар бойы ұйқымнан оятқаның үшін ақысы – өлшеусіз
– Жыраққа кетсең алаңдап, ауырсаң қайғырып, мазасызданғаным үшін ақысы – өлшеусіз
– Бар шаруамды тастап көңіл бөліп, ойнағаным үшін ақысы – өлшеусіз
Жалпы: Осының барлығын қосқандағы саған деген махаббатымның ақысы – өлшеусіз
Осы хатты оқыған баласының көзінен жас кетіп, анасын құшақтап: «Анашым! мені кешіріңіз…» деп көңілі босай кетеді. Содан хаттың соңына: «Ақысы өтелмейтін еңбек», деп жазған екен.
– Біреулер раушанның иісін сезбейді. Біреулер ащы гүлдерден бал алады. Біреуге кішкентай нәрсе берсең, өмір бойы есінде сақтайды ал, біреуге өміріңді арнасаң өмір бойы түсінбейді.
– Адамгершілік – ренжіткенді кешіре білу, бермегенге ұсыну, ұрысқанға татулықпен қол беру.
Омар Хаям
– «Ең бақытты адам ол жақсы адамдармен байланыс құрған адам»
Хадис Шариф
Жалғас АСХАТҰЛЫ – Дінтанушы