А.Балаева АҚШ-тың ҚР-дағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен кездесуде “30 жыл бойы Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынастар ұдайы өсу және нығайту жолында дамып келеді”, — деп атап өтті.
Күн тәртібінде медиасфераны жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ террористік белсенді аймақтардан оралған азаматтарымызды оңалту сұрақтары болды. Кездесуге ҚР АҚДМ Ақпарат, Дін істері комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ АҚШ Елшілігінің саяси мәселелер, БАҚ мәселелері бойынша жауапты қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, А.Балаева QazForum қазақ тіліндегі контентті жасаушылардың V Форумын іске асырғаны үшін Джуди Куоға алғысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу қарсаңында QazForum осы жылдың 5 қарашасында Нұр-Сұлтанда өткен болатын.