Түркияның Орду қаласында тұратын Гүнеш Онюрме есімді азаматша 84 жасында жоғарғы оқу орнына оқуға түсу үшін емтихан тапсырды.
Ол өзінің аяқталмай қалған білімін толықтыру үшін 2013 жылы Месудие мемлекеттік білім беру орталығына түсіп, жақында орта білім туралы аттестат алып шықты. Мұсылман әйелі бұл жетістікпен тоқтамай, жасына қарамастан білімін әрі қарай жетілдіруді мақсат етіп қойыпты.
“Менің өнерге деген қызығушылығым айрықша. Баяғыдан бері бейнелеу өнері факультетінде оқуды армандайтынмын”, – дейді Гүнеш Онюрме.
Осы арманына жету үшін 18 немересі бар әже жоғарғы оқу орнына емтихан тапсырып, одан сәтті өтіп шықты.
“Кітап оқығанды ұнатамын. Әр оқыған сайын біз дами түсеміз. Меудиеде мені көрген көптеген адам қайтадан оқуға шешім қабылдап жатыр”, – дейді студент.