Түркияның Шаңлыурфе қаласында тұратын 77 жастағы Мұстафа Каракая Құран курсына қатысып, Қасиетті кітапты бастан-аяқ жаттап шықты.
Аяқкиім жөндеумен айналысатын 4 баланың әкесі бүкіл жастық шағын отбасын асырау үшін күн-түн демей жұмыс істеуге арнады. Бірақ оның бала күнгі арманы – қари атану еді. Енді осы арманына 77 жасында жетіп отыр.
“Кішкентай кезімде Құранды жаттағым келді. Бірақ жаттай алмадым. Отбасымның әлеуметтік жағдайы мәз емес еді. Сондықтан 10 жасымнан жұмыс істеуге кірістім. Енді міне, Құдайға шүкір, қасиетті кітапты жаттап шықтым. Егде тартқан жасыма қарамастан, әлі оқуды жалғастырып келемін. Құранды күн сайын оқимын”, – деді Мұстафа Каракая.