Ауғанстанның шығысындағы Жалалабадта белгісіз қарулы адамдар «Талибан» қозғалысының бес мүшесін өлтірді, деп дереккөзге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Күндізгі сағат үште (Мәскеу уақытымен 16.30) екі қарулы адам тәлібтерге тиесілі Corolla көлігіне шабуыл жасап, бес тәліпті өлтірді. Шабуылшылар қашып кетті», — деді ақпарат көзі.
Шабуыл Жалалабадтағы Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік басқармасының (NDS) жанында болғаны хабарланды.
Тамыз айының басында тәліптер Ауғанстанның үкімет күштеріне қарсы шабуылын күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кіріп, келесі күні соғыстың аяқталғанын жариялады. Тамыздың соңғы екі аптасында АҚШ әскерилері қорғауындағы Кабул әуежайынан Батыс азаматтары мен олармен қызметтес болған ауғандықтарды жаппай эвакуациялау болды. 31 тамызға қараған түні америкалық әскерилер Ауғанстандағы 20 жылға жуық АҚШ әскерінің болуын тоқтатып, Кабул әуежайынан кетті. Қыркүйек айының басында «Талибанның» бірінші билігі кезінде сыртқы істер министрі қызметін атқарған Мұхаммед Хасан Ахунд Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы жарияланды.