Атыраудағы «Самал Town» тұрғын үй кешенінен облыстық «Иманғали» мешітінің ұйытқы болуымен 4 мұқтаж отбасыға баспана табыс етілді.
«BASTAU CONTRUCTION» компаниясының тікелей қолдауымен берілген үйлерге көп жылдан бері пәтер жалдап әрі мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасылар орналасты.
Мәселен, Эльмира Берікқызы – жалғызбасты ана. Ұлы сал ауруына шалдыққан. Қызы арнайы тыныс алу аппаратымен дем алады. Екі баласы да –бірінші топ мүгедегі. Біраз уақыттан бері пәтер жалдап келе жатыр.
Екінші шаңырақ иесі Жаннұр Қуанғалиева да сал ауруына шалдыққан бала тәрбиелеп отыр. Ал Лаура Сәрсенова мен Бақытгүл Тағарова – көпбала тәрбиелеп отырған аналар.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасымен берілген пәтерлерді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «BASTAU CONTRUCTION» компаниясының өкілдерімен бірге арнайы барып табыс етті.
Еске сала кетелік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырауда орталық «Иманғали» мешіті арқылы күні бүгінге дейін мұқтаж отбасыларға 25 баспана берілді.